«Қыз баланың аяғы тасқа тіреліп қалған. Мүрдені Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары тапты», деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.
Айта кетейік, 5 шілде күні 14 жастағы Айнагүл Қаратал өзеніне ағып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Оқиғаға оның 7 және 11 жастағы туыстары куә болған. Жасөсіпірмнің денесін іздеуге 300-ге жуық адам жұмылдырылған болатын. Олар алты күн бойы өзеннің арнасын бұрып, іздеу жұмыстарын қарқынды жүргізді. Баланы іздеуде еріктілер де белсенділік танытты.