Талдықорғанда суретшілердің халықаралық симпозиумы аяқталды
Симпозиумның алғашқы күнінде «Ұлттық бірегейлікті сақтау: Ұлттық код. Ұлттық мәдениет» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Қылқалам шеберлері бірнеше күн бойы халықаралық пленэрге қатысып, қаланың көрікті жерлерін қағаз бетіне түсірді. Оқушылар сарайында жас суретшілерге шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірбиелерімен бөлісті.
Халықаралық симпозиумның жабылуында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев суретшілерді құттықтап, марапаттады. Марапаттау барысында суретшілерге қатысқаны үшін Халықаралық деңгейдегі сертификат пен 150 мың тенгенің сыйлығы табысталды.
Суретшілердің симпозиум барысында салған туындылары Көркемөнер галереясының негізгі қорының экспонаты ретінде сақтауға алынды. Симпозиумға барлығы 25 суретші қатысты.