Екі сағатқа созылатын туынды белгілі бір шығарма желісі бойынша түсірілмеген. Барлық кейіпкерлер ойдан құралған. Шығармашылық топтың басты мақсаты - көркейіп, өсіп-өркендеп келе жатқан Талдықорған қаласының көрікті жерлерімен, әрі аймақ айнасына айналған телеарнаның тыныс-тіршілігімен таныстыру. Кинокартина кезінде көрермен көзайымы болған «Тақиялы періште» фильмімен үндес деуге де болады. Онда астарлы ой, тұшымды пікірлер көп. Қоюшы режиссер Ерлан Ошақбаевтың айтуынша, туындыға бюджет қаржысы бөлінбеген.
Түсірілім бір ай шамасына созылған.