Жәбірленушінің айтуынша, ұрылар 7 млн теңгені қолды қылған. Қазір ломбардқызметкерін ұрып, байлап кеткендер іздестіріліп жатыр. Оқиғаны Алматы облыстықПолиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Аталған фактіні растаймыз. Қазір күдіктілерді анықтау және іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ісбойынша қылмыстық іс қозғалды»,-деді аталған ведомствоның өкілі КөбейханНұрахмет.
Қазір Талдықорған қаласы полициясының жедел-іздестіру тобы облыстың тәртіпсақшыларымен бірлесіп, күдіктілерді ұстауға бағытталған жұмыстарды жүргізіпжатыр.
Айта кетейік, тоналған автоломбард Шевченко көшесінің бойында орналасқан.