Талдықорғанда тергеу абақтысына шабуыл жасағандардың үшеуі оққа ұшты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда тергеу абақтысына шабуыл жасағандардың үшеуі оққа ұшты, деп хабарлайды Хабар 24.

Тағы екеуі жараланды. Қарулы қақтығыс кезінде құзырлы орган өкілдерінің бірі қаза тауып, екеуі жарақаттанды.

Шабуыл бүгін сағат 11:30-да болды.

15 адамнан тұратын қарулы топтың қылмыстық әрекетіне полиция тойтарыс берді.

Жалпы қазір облыста жағдай тұрақтала бастады. Қоғамдық көлік қатынасы тоқтады.

Халыққа қызмет көрсету орталығы мен ірі супермаркеттер жабылды. Тек шағын дүкендер ашық тұр.