«Талдықорған - Жетісудың бас қаласы. Облыс орталығы жылдан-жылға көркейіп, ажарланып келеді. Халықаралық деңгейде рухани әрі мәдени шаралар өткізуге әбден лайық», - деген Ақан Сатаев облыс басшысына түркітілдес елдер кинофестивалін өткізуді ұсынды. Амандық Баталов бұл ұсынысты құптап, мұндай шараны өткізу арқылы біз облыс орталығын әлемге танытамыз деген пікір айтты. Және мұндай халықаралық кинофестивалді биылдан қалдырмау керектігін жеткізді.
«Жаңадан салынған театрымыз бар, жанында әдемі қонақ үй тұр, тамақтану орындары жеткілікті. Театрда кинопремьераларды көрсетіп, қонақтарды орналастырып, жақсылап күтіп алуға барлық мүмкіндігіміз бар. Сондықтан біз барлық жағынан бұл жобаға қолдау көрсетеміз», - деді өңір басшысы.