Талдықорғанда Жақсылық Үшкемпіров жайлы фильм түсіріліп жатыр
Дәл қазіргі сәтте Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайының басты алаңы 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиададан сыр шертіп тұр. Бұл жердегі барлық көрініс сол заманның ағымына алып келеді. Залдың іші олимпиаданы тамашалап, қолдау көрсетіп жатқан көрерменге толы. Осылайша Талдықорғанда Жақсылық Үшкемпіров жайлы фильмнің эпизодтары қызу түсіріліп жатыр. Ал театр актері Олжас Сақ чемпионның өміріндегі нағыз маңызды сәттің бірін сомдауда. Жақсылық Үшкемпіровтың жастық шағына бет-әлпеті өте ұқсас жігіт киноға түсу үшін екі ай бойы жаттыққанын жеткізді.
«Бізде (Ресейде) күн бұлай түсе бермейді. Ал Талдықорғанда күн сәулесі шуағын кеңінен шашады екен. Мұның өзі көңіл-күйге жақсы әсер ететінін байқадым», - деді ол.
Кездесу соңында қала жастары актерлермен естелік суретке түсті.
Айта кету керек, аталған шара Талдықорғанның қала күні аясында ұйымдастырылды. Ал шаһар жұртшылығы қала күнін 29 қыркүйекте кең көлемде атап өтпек. Басты мерекеге дейін бір ай көлемінде тұрғындардың назарына түрлі шаралар ұсынылуда.