2018 жылы шыққан, 19 орындық L-410 ұшақтарын «Жетісу» авиакомпаниясы» АҚ жергілікті әуе жүйесіне қызмет көресету үшін алды. Оның бірі Талдықорған - Үшарал - Талдықорған, Алматы - Үшарал - Алматы бағытына ұшатын болады.
Қазір Талдықорған-Өскемен тас жолының құрылысы басталды. Туристер жол азабын тартпауы үшін оларға ұшақ билетінің құны жеңілдетілген бағамен ұсынылуда. Саяхатшыларға билет құнының 30 пайызы субсидияланады. Яғни Алматы - Үшарал бағыты - 10 мың, ал Талдықорған -Үшарал бағыты - 6 мың теңге. Енді бұл әуе кемесі Астана, Алматы - Үшарал, және Талдықорған бағытында аптасына үш рет қатынайды деп жоспарлануда.
Айта кетерлігі, L-410 модельді әуе кемелері әлемнің 50-ден астам елінде қызмет көрсетеді
Биылғы қаңтар айында Талдықорған әуежайына жаңа ұшақтар сатып алынғанын хабарлаған болатынбыз.