Жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жылдық безендіруге арнайы байқау жарияланған. Соның аясында қаржы бөлінген. Айта кету керек, биыл Талдықорғанда алғаш рет жаңа жылдық шырша шаһардың үш жеріне қойылды. Мәселен, Қаратал ықшамауданындағы саябаққа ұзындығы 18 метрлік, «Жастар» паркіне - 24, ал орталық алаңға ұзындығы 23 метрлік шырша орнатылды.
19:20, 27 Желтоқсан 2016
Талдықорғанда жаңа жылдық безендіруге 17 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Талдықорған қаласын жаңа жылдық безендіруге 16 млн 957 мың теңге қаржы жұмсалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.