Талдықорғанда жасөспірімдер арасында Андрей Кивилевті еске алуға арналған көпкүндік веложарыс басталды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Талдықорғанда 1994-1995 жылдары туған жасөспірімдердің арасында қазақстандық спортшы, еңбек сіңірген спорт шебері Андрей Кивилевті еске алуға арналған республикалық веложарыс басталды, деп хабарлады облыстық туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасынан.

Веломарафон Андрей Кивилевтің туған жерінде осымен жетінші рет өтіп отыр. Оған Қазақстанның қалалары мен облыстарынан жүзге жуық жасөспірім қатысуда.

Велододаның бескүндік бағдарламасына 25 шақырымға жеке жарыс, 110 және 90 шақырымға топтық жарыс, тауға қарай 13 шақырымдық жеке жарыс және 40 шақырымдық айналма жарыс кіреді.

Жарыстар қыркүйектің 21-інде - қазақстандық тұңғыш велокәсіпқойдың туған күні аяқталады.