Талдықорғанда жол-көлік оқиғасы болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат  - Талдықорғанда Абай мен Жансүгіров көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көше ортасында Lexsus пен Тойота камри маркалы машинасы соқтығысты. Lexsusты тізгіндеген азамат Тойота камри көлігінің жүргізушісі қызыл түске қарай өткенін айтады. Салдарынан екі көлік соқтығысқан. Бірақ зардап шеккендер жоқ.

Айта кету керек, жол-көлік оқиғасы қалалық ІІБ -і ғимаратының жанында болды. Оқиға орнына тəртіп сақшылары жиырма минуттан кейін ғана  жетті.