Талдықорғандағы облыстық наркодиспансердегі өрттің жайылуы себептерінің бірі - өрт сөндіру қызметтерін шақырудың кешіктірілуі

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорған қаласындағы облыстық онкологиялық диспансердегі өрттың бүкіл ғимаратқа жайылу себебінің бірі - өрт сөндіру қызметтерін шақырудың кешіктірілуі.

Наркодиспансер 1951 жылы қамыстан салынған ғимаратқа орналасқан. Бұл туралы бүгін облыс орталығында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Ахметов айтты.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталуда. Арнайы құрылған комиссия диспансердің қаза болған екі қызметкерінің отбасыларына өтемақы төлеу мәселесін қарастыруда, олар тиісті барлық жәрдемақыларды алатын болады. Қаза болғандардың отбасыларына жерлеуді ұйымдастыруға және басқалай шығындарға материалдық көмек беріледі.

Қаза болғандардың 11-і - талдықорғандықтар, қалғандары - маңайдағы аудандардың адамдары.

Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов: «Бұл біздің бәріміз үшін үлкен қайғы - бір мезетте осынша адамнан айырылу оңай емес. Олардың бәрі де біреулердің балалары, біреулерінің ата-аналары. Біз өз тарапымыздан жерлеуді ұйымдастыруға барлық көмекті көрсетеміз. Ертең аудандар әкімдерінің отырыстары өтеді, онда жерлеу жұмыстарына қатысты шаралар қолға алынады», - деді. Ол Президентке және ҚР Үкіметіне оқиғаға дереу үн қатқаны үшін алғысын білдірді.

Қайғылы оқиғадан үш күн өткеннен кейін аза тұту жариялануы мүмкін.