Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қаза болғандар бойынша сот медициналық сараптамасы кеше түгел жасалды. Осы арқылы барлығының өлімінің себептері анықталды», -деді министр.
Оның айтуынша, 28 емделушіге тиісті көмек көрсетілуде. Олар аталған диспансер орналасқан аумақтағы ғимаратқа жатқызылған.
«Онда өз еркімен ем қабылдап жүргендер амбулаториялық режимге ауыстырылды», -деді Ж. Досқалиев.
Министрдің сөзіне қарағанда, стационарда жатқан 10 ем қабылдаушы бойынша қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті.
«Сонымен қатар донорларға қатысты проблема жоқ. Ауыр халде екеуі жатыр. Олардың өмірі үшін Талдықорған мен Алматыдағы күйік жарақаты орталығының дәрігерлері күресіп жатыр. Дәрігерлер жұмыстарын кәсіби деңгейде атқаруына байланысты 8 адам реанимациядан шығарылды. Ал аталған екеуінің өмірін сақтап қалу үшін барлық шаралар жасалады»,-деді.