Оқушыларды ұзақ та қызықты сапарға шығарып салған Талдықорған қаласы əкімінің орынбасары Нұрлан Мəмбетжанов балаларға сəт сапар тіледі. Айтуынша, бұл оқушылардың бəрі оқу озаттары. Əрі əлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары да тізімге енген.
Көрме аяқталғанша 300-ден астам талдықорғандық оқушы Астанаға баратын болады. Олардың жол жəне жатын орындарының шығындарын облыстық білім басқармасы өтейді.