Бұл жолы да ақтық додаға талдықорғандық Ұлан Рысқұл мен Александр Касачев шықты. Былтыр бас жүлдені Касачев қанжығалаған болса, биыл Ұлан Рысқұл қарсыласынан басым түсті.
Жеңімпазға «Жетісу бөрісі» атағымен қоса «Лада Гранта» автокөлігінің кілті табысталды. Екінші орын алған балуанға 1 млн теңге, 3-ші орын алған балуанға 500 мың теңге сыйақы тағайындалды.