Жұмыс уақыты аяқталған дәрігер Ілияс Нүсіпалиев аталғандемалыс орнына суға түсуге барған. Сол уақытта бассейннен ес-түссіз күйіндеалып шыққан жігітті көріп, бірден көмекке келген. Ол жедел жәрдем көлігіжеткенше, 7-8 минут бойына реанимациялық көмек көрсеткен.
«Суғабатқан адамды құтқару кезінде әрбір минут қымбат. Егер бірден көмек көрсетпей,3-4 минут жоғалтып алсаңыз, онда миға, жалпы ағзаға қан бармай қалады. Жүреккемассаж жасау арқылы жүрек соғысын қалпына келтірген соң есін жиды. Жедел жәрдемкөлігі келген соң қажетті ем-шара жасалып, облыстық ауруханаға жеткізілді», - деді дәрігер.
Қазір 17 жастағыНазим облыстық ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы бірқалыпты деп бағалануда.