Кішкентай бүлдіршінді оңаша шақырып алған әйел «мамаң сұрап жатыр» деп алдап, қыздың құлағындағы сырғаны шешіп алған. Сосын тез арада ізін жасырған.
Жергілікті полицейлер күдіктіні 2-3 сағаттың ішінде анықтап, қолға түсірді.
«Күдікті 30 жастағы Талдықорған тұрғыны болып шықты. Сауда саласында жұмыс істейді. Күйеуімен екі бала тәрбиелеп отыр. Әйел теріс қылығын түсіндіре алмады. Қалай болғанда да, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған сырғаны қаладағы ломбардтардың біріне өткізіп үлгерген. Әшекей иесіне қайтарылды», - деп мәлім етті Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бұрын істі болмағаны ескеріліп, күдікті қамауға алынған жоқ.