Робототехника пәнінің мұғалімі Николай Авдюнин айтқандай, бұл жоба бойынша ол 8-сынып оқушысы Ратмир Сартбаев пен 9-сынып оқушысы Бек Талғат екеуімен бір жылдан астам жұмыс жасаған. Алғашқы нұсқасын республикалық байқауда көрсеткен, кейін бұл роботты жетілдірген.
«Біздің робот-гироскопымыз ғарыш стансасының тұрған жерін бір сантиметрге дейінгі дәлдікпен түзеп, Күн энергиясын алу үшін фотоэлементтерді қажетті ракурсқа бағыттау үшін оны бұра алады», - дейді жас өнертапқыштар Ратмир Сартбаев пен Бек Талғат.