Екі өнертапқыштың робототехникамен шұғылданғанына біраз болған. Өзара ақылдаса келе квадрокоптер құрастыруға шешім қабылдаған. Жетісулық техниктердің бұл туындысы нарықтағы ұшу құралдарынан бірнеше есе арзан болмақ.
Өнертапқыштар техникалық көрсеткіштері қазіргі қолданыстағы квадрокоптерлерден еш кем емес екендігін, бұл ұшу аппараттарын тұрмысқа кеңінен пайдалануға болатынын айтады. Мәселен мал бағуда, егіс алқаптарын, бау-бақшаларды дәрілеуде, іздестіру жұмыстарында және геологиялық барлауда таптырмас құрал деп отыр.
Іскер азаматтар бұл жобаларын «Даму» қорының «Жаңа бизнесті ашуға қолдау» бағдарламасы аясында жүзеге асырды. Әзірше тек екі нұсқасын сынақтан өткізген техниктер қаржылай қолдау тапса басқа түрлерін де құрастыруға ниетті.