Осыған орай, жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қала бойынша рейд ұйымдастырылды. Кешкі рейд барысында тәртіп сақшылары 60-тан астам құқық бұзушыны жауапқа тартқан.
Патрульдік полиция қызметкерлері автопатрульдеу режимінде жүргізушілер тарапынан карантин талабының сақталуына тексеру жүргізді. Осылайша, автокөлік салонында 3-тен астам жолаушы тасымалдаған 10 жүргізуші анықталды.
Жаяу нарядтар қоғамдық орындарда және көшелерде негізсіз жүрген тұрғындарды, оның ішінде заңды өкінсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерді және қарт адамдарды қадағалауда. Тексеру барысында түнгі және кешкі уақытта себепсіз жүрген 15-тен астам азамат анықталған.
Өз кезегінде полицияның учаскелік инспекторлары тізім бойынша тыйым салынған нысандардың жұмысына қатысты талаптардың бұзылу деректерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. Іс-шара шеңберінде карантин жағдайында заңсыз қызметті жүзеге асырған 5 сауда нүктесінің иелеріне қатысты әкімшілік хаттама рәсімделді.
Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап Талдықорған қаласында барлығы 170 төтенше жағдай режимін бұзу дерегі анықталған.