«Ол жүргізілген жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды көрсетпей акт толтыру үшін «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік аудиттің бас маманына 400 мың теңге сомасында пара берді деген күдікке ілінді», - деп атап өтеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.
Ведомство мәліметінше, аталған лауазымды тұлғалардың пара беруге және оны алуға делдалдыққа қатыстылығы тексеріліп жатыр. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайды.