Бұл туралы Қазақстанның велоспорт федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Алматы облысының құрамасы 40 шақырымдық жарыста Қазақстан чемпионы атанды. Оның құрамында Григорий Штейн, Сергей Лущенко, Сергей Кузьмин және Дмитрий Риве болды. Григорий Штейн сонымен қатар Ерлан Пернебековтің құрметіне өткізілген критериум жарыста жеңіске жетті. Қыздар арасында бұл сында СҚО өкілі Наталья Сайфутдинова үздік атанды. Сонымен бірге 1 сәуірде Шымкентте маунтин-байк бойынша ұлттық чемпионат басталатыны хабарланды.