ТМД елдері астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясы ұйымдастырған байқау биыл бесінші рет шымылдығын түрді. Аталған шараға талдықорғандық тілші өз мақаласын ұсынған. Жетісудың бас шаһары жайлы жазылған журналистің материалы үздік атанып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Атап айтқанда, «Қауіпсіз қала» номинациясын жеңіп алды.
Алма Уразаева орыстілді журналист. Аталған басылымда соңғы 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Жеңімпаздың халықаралық байқаудан жүлдемен оралуы басылымның 25 жылдығына тамаша тарту болды, дейді әріптестері. «Талдықорған» газетіне 2 наурыз күні 25 жыл толады.