Талдықорғандықтарға Тәуелсіздік күніне тарту жасалып, жаңа баспаналар берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 120 отбасы коттедж қалашығынан көптен күткен несиелік және жалгерлік баспаналарына қол жеткізді.

Жаңа қонысқа ие болғандар қатарында көп балалылар, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, «Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ салымшылары бар. Қалалықтарды жаңа қоныстарымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Л.Тұрлашов өз сөзінде: «Сіздерді облыс әкімінің атынан Тәуелсіздік күнімен және баспаналы болу қуаныштарыңызбен құттықтаймын!. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында өңірде тұрғын үйлер көптеп салынуда. Үй кезегінде тұрған азаматтарды қолжетімді баспанамен қамту мәселесі облыс басшысының ерекше назарында және тұрақты түрде бақылауда болады», - деді.

Атап өтсек, қала маңындағы коттедж қалашығын салу жоспарына сәйкес құны 8,5 млрд. теңге болатын, жалпы алаңы 56,6 мың шаршы метрлік 620 жеке тұрғын үй салу жоспарланған. Екі жыл ішінде 348 коттедждің кілті тапсырылды. Соның ішінде биылғы жылдың жоспарына сәйкес 253 коттедж салынып, соның 191-і пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 97-сі беріледі. Келесі жылы қалған 175 коттеджді беру жоспарланып отыр.