Талдықорған әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаевтың айтуынша, топта 150 бала бар. Балалардың қауіпсіздігі үшін бірқатар сақтық шаралары жасалды - демалысқа аттанған балаларды полиция бастап алып жүрді, көл жағасындағы судан құтқару қызметінің құрамы күшейтілді.
Балаларға арналған ас мәзірі кәсіпкерлер құқығын қорғау басқармасының кеңесімен жасалды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұнда бұдан кейін де демалатын балалардың кезекті тобы жасақталады.