Талдықорғанның білім бөлімі қызметкерлерінің сөмке-сөмке ақшамен ұсталған видеосы жарияланды
«Талдықорған білім бөлімінің қызметкерлері миллиардтаған қаржы ұрлады деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстады. Оларға білім беру саласында іс жүзінде жұмыс істемейтін үлестес тұлғалардың пайдасына өтеусіз қаржы аудару арқылы аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан деген күдік келтіріліп отыр. Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрады»,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің хабарламасында.
Қазіргі таңда істің мән-жайына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік нысанына, қымбат автокөліктерге тыйым салынды. Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін прокуратурасының Талдықорғандық есепшілердің ұсталғанын растаған жөнінде ақпарат берген болатынбыз.