Талдықорғанның білім саласына 24 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алдағы үш жылда Талдықорғанның білім саласына 24 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. Бұл туралы Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев қалалық мәслихаттың кезекті ХІІ сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


 Жиында Талдықорған қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасы бекітілді.  Жоспар бойынша 2017 жылы Талдықорған қаласында 2400 орындық 2 жаңа мектеп салынады. Тағы 2 мектеп күрделі жөндеуден өтетін болады.

 

Негізгі баяндаманы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Қайрат Мәженов жасап, үш жылдық бюджеттің жай-жапсарын баяндады. Бюджет жобасына қала әкімі аялдамаларды күтіп ұстау, саяжай массивтеріне ауыз су тарту, қаланы абаттандыру жұмыстарын жандандыру және көшелерді жөндеу, газ тарту жұмыстарын шапшаңдату туралы ұсыныстары енгізілді. Сондай-ақ, жиында Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы Қайрат Бұлдыбаев мәслихаттың 1 жылда атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

 

Соңғы жаңалықтар