«Талдықорғанның кешкі ауысымдағы мектебінде жалпы 87 оқушы оқиды. Оның 53-і кәмелетке толмаған. Ал 34-і – ересектер, жасы ең үлкені – 47-де. Ол қазір 11-сыныпта оқып жатыр. Бұл адамдар уақытында мектеп бітірмегендер», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Талдықорғандағы кешкі ауысымдағы мектеп директоры Ерік Саржігітов.
Жалпы еліміз бойынша 69 кешкі ауысымдағы мектеп бар.
Еске салайық, Талдықорғанда кешкі ауысымдағы мектептің 9-сынып оқушысы құрбыларымен жабылып, 15 жастағы қызды ұрып-соққан болатын. Оқушы сот шешімімен девианттық мінез-құлқы бар балалар мектебіне ауыстырылды.