Талдықорғанның саудагерлері көшенің кеңейтілуіне қарсы шықты
Қазір кәсіпкерлер кәсібім құрдымға кетеді деп үрейленсе, жұмысшылары жұмыссыз қаламын ба деп қорқады. Мәселен, кәсібін несие алып, 80 мың долларға сатып алдым деген Дана Сембекова сауда орнының сүрілуіне түбегейлі қарсы. Ал жұмысшылары қазірден жұмыс іздеп жатқандарын айтады.
Бірақ саудагерлер қолдарына дәл осы сауда орындарының сүрілетіні жөнінде бірде-бір ескерту қағаз алмаған. Ал Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі кәсіпкерлерді алаңдамауға шақырды.
«Саудагерлердің алаңдайтын себебі жоқ. Негізі нақты қай ғимараттың сүрілетіні әзірге белгісіз. Жобалық-сметалық құжат шамамен көктемнің аяғында жаздың басында дайын болады. Сол кезде қай ғимараттың сүрілетіні анықталады», - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс.