Талдықорғанның сыртқы келбеті ? жергілікті биліктің назарында

ТАЛДЫҚОРҒАН. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов облыс орталығы Талдықорған дамытуға үлкен мән беріп отыр.

Стратегиялық аймақ саналатын қала әкімшілік, өндірістік, іскер және ғылыми-инновациялық орталық ретінде қалыптасып жатыр. Оны дамыту 2015 жылға дейінгі келешекке жасалған бас жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, деп атап өтті бүгінгі отырыста облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бас жоспар негізінде қаланың орталық бөлігін, Қаратал, Қаратал-2 шағын аудандарын, қалаға кіретін басты бағытты, әкімшілік-іскер орталықты, жеке тұрғын үй аудандарын толық жоспарлау жобалары жасалды. Осы мақсат үшін 53,732 млн. теңге бөлінді. 2008-2009 жылдары Алматы облысында тұрғын үйді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру ауқымында Талдықорған қаласы бойынша 2008 жылы 27 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2009 жылы 33,0 мың шаршы метр пайдалануға берілуі тиіс», - деп атап өтті А.Баталов.Соңғы жылдары сәулет және құрылымдық шешімдер бойынша қазіргі заманғы нысандар ? Достық үйі, «Нұр Отан» партиясының ғимараты, «Айсер-Талдықорған» қонақ үй кешені, 1 200 орындық жалпы білім беру мектебі, Халық банкінің ғимараты, Қаратал шағын ауданындағы несие және коммуналдық тұрғын үй кешені, «Үш ата», Ғали Орманов, Қадырғали Жалайри ескерткіші бой көтерді. Орталық мәдениет және демалыс саябағы қайта жөндеуден өтті. 1 500 орындық Спорт сарайының, 600 орындық зияткерлік мектептің, 280 орындық балабақшаның және мұсылман мешітінің құрылысы жүріп жатыр.