«Талдықорғансараптама» МЕК-тің жаңа әкімшілік ғимараты ашылды
Символикалық алқызыл лентаны ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Жандос Әкімжанов, «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Бірлік Ережепов пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов кесті.
«Мемсараптама» РМК-ның жаңа әкімшілік ғимараты «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық еншілес кәсіпорындарының ғана емес, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің ұжымдарын да орналастыру үшін қолданылатын болады. Барлық құрылымдар қазіргі заманғы компьютерлік техникамен және бағдарламалық қамсыздандырумен жабдықталған», - деді «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Бірлік Ережепов жұмыс кабинеттерін және ғимаратты қарап шыққан соң.
Жаңа кеңсе компанияның жеке қаражаты есебінен салынды және техникалармен жабдықталды. Құрылыстың жалпы аумағы 1 357 шаршы метрді құрайды, ғимараттың жобалық құны 250 млн. теңге.