Осыдан кейін мамандар апатқа себеп болған шатқалға барды. Бір түннің ішінде ол жердегі судың барлығы ағып кеткен. «Спутник» жазғы демалыс аймағына апаратын жолдағы сел көшкіні аумағының қаншалықты екенін мамандар нақты айта алмады. Лагерде әлі 200-дей адам бар. Олардың көбісі балалар, сондықтан құтқару әзірге мүмкін емес. Себебі, көбісі ұзақ жаяу жүріске шыдамайды. Жолды тазалу жұмыстары жалғасып жатыр. «Талғарда жағдайды ешкім болжай да алған жоқ, бұл - табиғаттың тосын мінезі. Мұндай мәселені шешудің бір ғана жолы бар, - су ағып кететіндей сифонды жүйе жасау. Оны біз жыл сайын жаз айларында жасап та келеміз», - деді вице министр В.Петров.
00:07, 20 Шілде 2014
Талғар ауданындағы сел көшкіні салдарынан әлі де 200-дей адам құтқару жұмыстарына мұқтаж
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талғар ауданында сел көшкіні салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Кеше оқиға орнына ҚР ТЖМ Валерий Петров барып, «Қазселденқорғау» мамандарымен Кіші және Үлкен Алматы және Талғар шатқалдары үстінен ұшып өтті. Бұл туралы 24.kz хабарлады.