АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан жиында қала маңында қатынайтын электр пойыздары туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Талғар мен Қаскеленен келетіндер санының айтарлықтай артқандығын атап өтті. Әкім бұл мәселені электр теміржолдарын салу арқылы шешуге болатындығын жеткізді.
«Үкіметтен осы маңызды қоғамдық жобаны бастауға қолдау білдіріп, оның кезең-кезеңімен іске асуына ықпал етуді сұраймыз. «Алматы-Ұзынағаш бағыты бойынша бірнеше электр теміржол рейсі қосылды. Жаңа жылдан бастап Қапшағай бағытын қосамыз», - деді қала әкімі Сағынтаев.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.