Талғар өзенінде суға батып кеткен әйелдің аты-жөні анықталған жоқ - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Талғар өзенінде суға батып кеткен әйелдің аты-жөні анықталған жоқ, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Жұма, 7 қыркүйек күні Алматы облысының Талғар өзенінде жергілікті тұрғындар есімі анықталмаған әйелдің мәйітін тапты.

 Құтқарушылардың хабарлауынша, ол 6 қыркүйекте абайсызда өзен суына құлап кеткен, оның жасы - 45-50-де, азиялық тұрғын.