Талғар өзенінің тасуы: Жолды су шайып кетуіне байланысты 9 турист айдалада қалып қойған
12:53, 22 Шілде 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысындағы сел жайында мәлімет таратты, деп хабарлайды қазАқпарат.
Оған сенсек, Талғар өзенінде су шығыны төмендеген, секундына - 23 текше метр.
Ал бөгеттегі судың ең жоғары қауіпті межесі - секундына 70 текше метр.
Өзенде кезекшілік және мониторинг жалғасып жатыр.
Өткен түні құрамында 11 адам және 3 РОСО және ТЖД техникасы бар іздестіру тобы бір орманшы мен 9 туристі құтқарды.
Олар Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік өзенінің бассейнінен шыққан сел қара жолды шайып кетуіне байланысты орманшының үйінде қалған.
Туристерге медициналық және басқа көмек қажет емес.
Сондай-ақ, Жамбыл өзенінің Бесмойнақ ауылы маңында 11 адам және 2 техника тауға шыққан 4 адамды құтқарды.
Медициналық көмек қажет емес, іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.