«Талғар өзеніндегі су деңгейінің көбеюіне байланысты Ават ауылдық округінің аумағындағы өзеннің сол жағалауында орналасқан баламалы жолды шайып кетті. Су ағынының ұлғаюынан жақын маңдағы карьерлерді су басу қаупі туындады», - деп атап өтті аудандық әкімдіктен.
Әкімдіктің мәліметінше, көпірдегі қозғалыс шектелген. Алайда айналма жол Құлжа тас жолы мен Талғар-Есік-Бәйдібек би жолдары ашық.
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділовтың тапсырмасы бойынша, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды.
«Қазір өзен арнасын тереңдету және нығайту жұмыстары жүріп жатыр», - деп атап өтті әкімдіктен.