ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тілсіз жау екі сағаттан кейін ауыздықталды. Онымен күреске Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Жалын шарпыған аумақ 130 шаршы метрді құрады. Төтенше жағдай орнынан 11 адам, соның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.