Ол Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашу үшін іс-сапармен келген.
Ведомство мәліметінше, тілсіз жау 500 ш. м. алаңды шарпыған.
— ТЖМ күштерімен өрт 500 ш. м. алаңда толығымен сөндірілді. Нақтыланған мәліметтер бойынша, Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылының жол бойында, резеңке бұйымдарын өңдейтін ЖШС аумағының сыртында жиналған резеңке-техникалық бұйымдарының жануы орын алды. Оқиға орнында анықтаушылар мен өрт сынақ зертханасы жұмыс істеуде. Өрттің шығу себебі анықталуда, — делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД 12 техникасы және жеке құрамнан 37 адам жұмылдырылды.
Бұған дейін хабарланғандай, Талғар ауданында резеңке дөңгелектер шығаратын зауыт өртеніп жатты.