Талғарда өзенге батқан баланы құтқарған жас жігіт марапатталды

Фото: Фото: Видеодан алынған скрин

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков ерлік жасаған Серікжан Сембайұлына алғыс хатпен, сыйлыққа соңғы нұсқасындағы Ipad-ты табыс етті.

Аудан басшысы Ботан Серікжанның ерен ерлігі үшін Талғар ауданы жұртының атынан шексіз алғысын білдірді. 

«Нағыз ер адамның қолынан келетін әрекеттер назардан тыс қалмауы керек. Еліміз өз батырлары туралы білуі қажет», - деп атап өтті аудан басшысы.

Алматы облысы әкімдігінен мәлім еткендей, күн сайын өңірдің су қоймаларында профилактикалық рейд жүргізіледі. Оған жеке құрамның 66 маманы жүзу құралдарының 11 бірлігі жұмылдырылды.

Бұдан бөлек судағы қауіпсіздік ережелерін бұзушыларды анықтау үшін дауыс зорайтқышы бар дрон мен тепловизор арқылы түнгі рейдтер ұйымдастырылады.

Осыған дейін Талғарда жас жігіт суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалғаны туралы жазған едік.