Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, 27 желтоқсан күні облыстық ветеринария басқармасының мамандары Талғар қаласында қаңғыбас иттерді аулау жұмысын жүргізген.
«Профилактикалық шара барысында 5 ит ауланып, ветеринария пунктінің уақытша изоляторына қамалды. Тек бір жылдың ішінде Талғар қаласында 330 қаңғыбас ит ауланған. Қараусыз қалған үй жануарларын аулаумен арнайы жасақ айналысады. Жұмыс жеке және заңды тұлғалардың өтінішіне сәйкес жүргізіледі. Аталған мәселе бойынша 8771 466 9170 телефонына хабарласуға болады», — деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өңір әкімдігі мәлім еткендей, әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы жеткіншектен медициналық мекемелерге ешқандай шағым түспеген.
Бұған дейін Алматы облысында ұл балаға қаңғыбас иттер тап бергенін жазған болатынбыз.