Полицияға 57 жастағы Алматы тұрғыны белгісіз біреудің аудан аумағында орналасқан учаскеден 415 түп алма көшетін ұрлап кеткенін айтып, шағым түсірген. Залалдың көлемі 1 033 044 теңгені құраған.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында алма көшетін ұрлаған күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған көшеттердің жартысы заңды иесіне қайтарылды. Талғар АІІБ тергеушілері аталмыш факті бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметінен.
Фото: florantino.ru