- Талғат Арданынң ісі қазір қай сатыда? Қазақстанға әкелу неге кешігіп жатыр, - деп сұрады журналист.
Бос прокуратура өкілі мұны Түркия заңнамасымен байланыстырды.
- Талғат Ардан, өзіңіз білетіндей, Түркияда ұсталды. Қазір ол Түркияда қамақта отыр. Астанаға әлі келген жоқ. Біз құжаттарды Түркияға жібердік. Олар соның бәрін қарап, шешім қабылдайды. Қазақстанға қашан әкелінетіні әлі белгісіз. Өйткені экстрадициялау мәселесі Түркия заңнамасы арқылы қаралады. Біз Түркия тарапына «тез-тез» деп айта алмаймыз. Ол мемлекет өз заңы бойынша қарастырады, - деді Әсет Шындалиев.
Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті LRT салу жобасы арқылы мемлекетке 85,9 млрд теңге шығын келтірді деп айыпталған Талғат Арданның Түркияда ұсталғанын мәлім еткен болатын.