«Менің ойымша, аграрлық сала өз әлеуетінің 10 пайызын да ақтай алмай отыр. Жанымызда алып нарықтар тұрғанын ескерсек, солардың әлеуетін пайдалануымыз керек. Бірақ ол үшін әуелі саланы жаңғыртудан бастап суару жүйелерімен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу сияқты көптеген проблемаларды шешу қажет», - деді ол Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.
Оның пайымынша, елде жаңа су қоймаларын салатын уақыт баяғыда жеткен.
«Бүгінде агралық сектордың өнімділігін суды тиімді пайдалану арқылы арттыруға болады. Бұл мәселеде елдегі су қорынан бөлек, жаңа технологияларды жылдамдатып енгізудің маңызы да зор», - дейді институт басшысы.