Талғат Момышев Ұлттық аккредиттеу орталығына басшы болып тағайындалды
Талғат Амангелдіұлы Көкшетау облысы Щучье қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын бітірген.
1997-1998 жылдары Жамбыл стандарттау, метрология және сертификаттау орталығында бөлім бастығы, директордың орынбасары;
2000-2003 жылдары - «Метрология» РМК Алматы филиалының директоры;
2003-2005 жылдары - «Казсертико» РМК директорының бірінші орынбасары, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ өндірістік бөлімінің бастығы;
2005-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары;
2010-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы, кейін ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы;
2017-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;
2019-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы, Энергетика министрлігінің Аппарат басшысы қызметін атқарған.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарған.