Талғат Мұсабаев ғарыш орталығының қызметкерлерімен кездесті
Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі бастамаларды талқыға салды.
Сенатор Президенттің Парламентке, сондай-ақ өңірлік атқарушы және өкілді органдарға қатысты жаңа нақты саяси реформаларды белгілегенін атап өтті.
«Ел Президенті өңірлерді дамытуға қатысты бірқатар бастамалар ды көтерді. Үкімет ке ел іміз дің әкімшілік-аумақтық құрылымының оңтайлы бол ған ы аса маңызды. Мемлекет басшысының айтуынша, дағдарысқа байланысты дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ. Біздің елімізде ауқымды дағдарысты еңсеру ге қажетті резерв п ен құралдар дың бәрі бар. Дағдарысқа қарсы шаралар топтамасы н іске асыру және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы тапсыр ма берілді « , - деді Мұсабаев.
Кездесу барысында ғарыш саласындағы келешегі зор бағыттар, ғарыш техникасы және технологиясы мамандығы бойынша ғылыми сала қызметкерлерін, жоғары білікті мамандар мен түлектерді қолдауға қатысты мәселелер талқыланды.
Сенатор жастардың идеялары мен жобаларын қолдауға, сондай-ақ ғарыштан мониторинг жасау мен қашықтан зондтау міндеттері мен мүмкіндіктерін кеңейте отырып, ғарыштық технологияларды дамытуды жалғастыруға шақырды.