Оның сөзінше, әлемнің өркениетті деген мемлекеттерінің барлығы Ғарыш күнін 12 сәуірді атап өтеді. «Біз неге бұл күнді өзгелерден бөлек атап өтуіміз керек?. Ешбір елде мұндай мереке жоқ»,-деді Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы журналистерге берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада сенатор Ғани Қасымов 2 қазанды Ғарышкерлер күні ретінде атап өту керек деген бастама көтерген болатын. Осы күні 1991 жылы қазақтың тұғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшқан болатын.