Талғат Мұсабаев, Нұржамал Үсенбаева және Игорь Крутой Астанада мұз айдынына шығады

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Бұл көріністі астананың тұрғындары мен қонақтары Астананың 14 жылдығын мерекелеу күндері өтетін Илья Авербухтың «Мұздағы оқиғалар» шоуында тамашалай алады.

Кеш қонақтары: Игорь Крутой, Роза Рымбаева, Батырхан Шүкенов, Нұржамал Үсенбаева, Талғат Мұсабаев, Мәскеу қаласының симфониялық оркестрі, «Айналайын» балалар хоры.

Ұмытылмас шоу 7 шілде күні «Алау» мұз сарайында өтеді.