Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Токио-2020 Олимпиадасының күміс жүлдегері Тайпей өкілі Ян Юнвэйді жеңді. Осылайша ол ақтық сынға жолдама алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Талғат финалда Шерзод Давлатов пен моңғолиялық Сухбат Бямбасурэн арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.
Бүгін елорда төрінде дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирі өтіп жатыр. 8–10 мамыр күндері аралығында өтетін байрақты бәсеке биыл Қазақстанда төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр.