«Талибан» қозғалысы Кұндыз қаласын жаулауда

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Дүйсенбіге қараған түні «Талибан» қозғалысы Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласына шабуыл жасады. Қалаға төрт бағыт бойынша шабуыл жасалуда.

Құндыз қаласы 808 аймағының полиция командирі Шиир Али Камаль шапқыншылық жергілікті уақытпен түнде басталып, әлі де жалғасып жатқандығын айтты.

Құндық қаласының әуе кеңсітігінде әскери тікұшақтар ұшып жүр, қалада атыстар естілуде.

Бір жыл бұрын Құндыз қаласын содырлар басып алған болатын. Қазіргі «Талибан» шабуылы Брюссельдегі Ауғанстан донорларының ірі конференциясы өткен уақытпен сәйкес келеді.