Тәлібтер ауғандықтарды сайлауға бармауға үндеуде

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Ауғанстанда тәлібтер ел халқын тамыздың 20-сына белгіленген сайлауға бармауға үндеп, осы мақсатта өздерінің қысқа толқынды радиостансаларын пайдалануда.

Бұл туралы  ауған    күш-қуат құрылымдарының  өкіліне сілтеме  жасап  РИА  «Новости» агенттігі   хабарлауда.

Сайлау  жақындаған сайын,  тәлібтер    жол үстіндегі мина соғысын   жандандыруда.    Оның  ошағы -  оңтүстіктегі Гельменд провинциясынан  мина мен фугастарға түскен    әскери  және  азаматтық  көліктер  туралы     хабарлар күн  сайын   түсуде.